И кант қазақша: Иммануил Кант философиясы | Презентация

Иммануил Кант «Таза ақыл –ойдың жалпы міндеті»

Классикалық неміс философиясының негізін қалаушы әрі көрнекті өкілі И. Кант – философия тарихындағы ерекше тұлға. Өмірінің басында жаратылыстану мәселелерін зерттеумен айналысқан ұлы ойшыл 46 жасында профессорлық диссертациясын жазғаннан кейін Ньютондық метофизикалық материализмнен субъективті иделизм позициясына бет бұрады. Міне, осы 770 жылдан бастап,кеңістік пен уақытты енді априорлы, яғни тәжірибеге дейінгі таным формалары деп келетін қағида Кант үшін оның философиясы үшін ең маңызды болып саналады.

Кант өзінің философиясын «сыншыл» деп бағалай келе, міне пікір жазғалы отырған, атақты «Таза ақыл-ой сыны» атты еңбегін жазады. Бұл жерде «сын» ұғымы нені береді? Бір қызығы бұл сұраққа философтың өзі былайша түсініктеме береді: бұған дейін философтар ақыл-ойдың көмегімен әлемді зерттесе де, олар сол таным құралының өзін зерттемеген болды.

Сондықтан Кант өзіне дейінгі философияны қатып-семіп қалған ілім деп кінәпайды. Сондықтан Канттың «Сыны» — ол тексеру, яғни ақыл-ой мүмкіндігін зерттеуге алғашқы маңызды қадам.

Осылайша Кант «Таза ақыл-ой» мәселесіне қатысты төмендегі міндеттерді қояды. Бірінші міндет –таным теориясы пәні, екінші –этика, ал үшіншісі-эстетика пәні. Кант ерекше тоқтаған «біздің ақыл-ойды қолданудың түпкілікті мақсаты» төмендегі сұрақтар төңірегінде жүйеленуі тиіс еді: «Мен не біле аламын? Мен не істеуім қажет? Мен не нәрсеге сене аламын?».

Осы сұрақтарға негізгі жауаптарды И. Кант өзінің «Таза ақыл-ойға сын»еңбегінде береді. Бұл еңбек 7 ірі бөлімнен тұрады. Аталмыш еңбектің 6-бөлімі «Таза ақыл-ойдың жалпы міндеті» деп аталады. Енді осыбөлімнің мазмұнына тереңдеп, талқылап көрелік.

«Кез-келген еңбекті дұрыс әрі нақты анықталған міндет жеңілдетеді» деп басталатын терең философиялық мәтін Канттың позициясын анық ашып береді. Қалайда таза ақыл-ойдың шынайы міндеті келесі сұраққа тіреледі: априорлы синтетикалық пайымдаулар қалайша мүмкін болмақ?

«Аналитикалық және синтетикалық пайымдаулардың айырмашылығы туралы ешкім ойламаған, сондықтан метофизика осыған дейін қайшылыққа толы әрі дәлелсіз, нақты емес жағдайда келді. Метофизикалық мықтылығын анықтайтын да осы міндет шешу»дей келе И. Кант метофизикаға, Энгльс айтқандай, жеңіс соққысын ілген болып шықты. Бұл мәселені шешуге талпыныс жасаған. Жаңа заман философтарының бірі – Давид Юм априорлықты мойындамаған еді.

Жоғарыда қойылған міндетті шешу ақыл-ойды таза қолдану мүмкіндігін тудырумен қоса, заттар туралы апрорлық теориялық білімді негіздейтін барлық ғылымдардың дамуына да көмектесер еді. (Мәселен, мынадай сұрақтарға жауап беруге: Таза математика мүмкін бе?)

Математика және жаратылыстану ғылымдары ақиқатында бар болғандықтан, олар былайша сұрақ қояды, олар қалай мүмкін бола алады? Бірақ олардың өмір сүруі, олардың болуының мүмкіндігін дәлелдейді. Ал, метофизика жөнінде өте қатаң айып айтылады. Неге? Метофизиканың мүмкіндігіне кез-келген күмән білдіре алады, себебі ол бұған дейін нашар дамып келді, метофизика ұсынған қағидалардың ешбірі, тіпті қойылған негізгі міндеттерінің өзі, оларды бар деп тануға жарамсыз. И. Канттың мұндай ащы сынымен толық келісуге де болады.

Бірақ жаңа замандық метофизикалық материализмнің философия ғылымына қосқан құнды ештемесі жоқ дегенге де көзсіз сенуге болмайды. Бұндай пікірге келуімізге И. Канттың келесі тұжырымдамасы себеп болады: «… Метофизика ғылым ретінде болмаса да, адамның табиғи бейімділігі [metaphysica naturalis] түрінде өмір сүреді.

Негізінде, адамзаттық ақыл-ой ешбір тәжірибелі серде жауап бере алмайтын сұрақтардың адамның өз талабынан тууына алып келеді.

Сондықтан барлық адамдарда олардың ақыл-ойы спекуляцияға дейін кеңейген кезде, шындығында да әр уақытта қандайда болсын метофизиканың бар болатыны анық». (;114). Міне, сондықтан да И. Кант ашық түрде «метофизика табиғи бейімділік түрінде мүмкін бе?» , т.с.с. жалпы адамзаттықақыл-ойдың жеке өзіндік талап тілектерден оянатын сұрақтарға жауап беруге талпынатынын білдірдетін қағиданы тұжырымдайды.

Бұрынғы жаратылыстанулық сұрақтарға жауап беруге талпыныстарда, мәселен әлемнің бастамасы бар ма? әлем мәнгі өмір сүреме? т.б.сұрақтарға қайшылықты, бірін-бірі терістейтін көзкарастармен ілімдердің болғаны рас деген Канттық позиция өте дұрыс. Сондықтан метофизика табиғи бейімділікке ғана емес, таза ақыл-ойдың қабылетінен де (өйткені таза ақыл-ойдың өзіненде қандайда бір метофизика тууы мүмкін) толық сүйенуге болмайды.

Бұл жерде, Кант тұжырымдағандай, ол заттарды білетін немесе білмейтіндігімізді, және осы заттарды зерттейтін ақыл-ойдыңқабылеттілігі мен қабылетсіздігіне, таза ақыл-ой мүмкінділігіне нақты, қатаңшекараларды қоюға көз жеткізуге мүмкіндік табу кажет. Жоғарғы қойылған жалпы міндеттен туындаған сұрақтардың (жаңағы айтылған мәселелердің) соңғысын толық түрде төмендегідей беруге болады: ғылым ретінде метофизика қалай мүмкін (бар)?

Осылайша, ақыл-ой сыны түбінде ғылымға әкеледі. Керісінше, сынсыз догматты ақыл-ойды қолдану ештемемен дәлелденбеген тұжырымдарға әкеледі. Түбінде бұл үрдіс, скептицизмге бағыттайды. ( Бұл жерде, Канттың Юмның скептицизмін ашық терістеп, рационалдық интуицияға негізделген рационалистік догматизмді) нақты фундаминті жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады.

Бұл ерекше ғылым (Кант ол ғылымды таза ақыл-ой сыны деп атаған) үлкен көлемді бола қоймады, себебі бұл ғылым ақыл-ой объектісімен айланыспайды. Әрине ақыл-ой объектісі кең, көлемді, шексіз екені белгілі. Бұл ғылымақыл-ойдың өзін зерттейді. Бұл жерде зерттеу объектісі заттардың табиғатынан емес,ақыл-ой табиғатынан туындайтын жаңа міндеттер.

Рационализ мен эмперизмді синтездеуге талпынған философ таным үрдісіндегі субъектің белсенділігін мойындайды.

Бұл бөлімде, метофизиканы догматтық құрудың ешбір жетістікке әкелмегенін Кант осылай дәйектейді. Метофизикалық пайымдаулардың құрамында аналитикалық бірденелер болғанымен, олар тек бөлшектенген ұғымдар біздің танымымызда кеңейтуге жарамсыз, себебі олар тек бұл ұғымдарда не бар соны ғана көрсетеді.

Канттың түйіндеуінше, кез-келген таным субектпен сипатталады, яғни барлық таным үрдісі оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады.

Объект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Канттың пайымдауынша, математика мен жаратылыстану негізделген ғылымдар, ал олардың ұғымдары …. жалпымәнді әрі қажетті сипат алады. Осылайша, біз себептілік категорияларының көмегімен жалпымәнді және қажетті формалар негізінде сезімдік қабылдау формасындағы әр түрлі құбылыстарды объектен бөліп қарастыра отырып, жүйелеп белгілі бір тәртіпке келтіреміз.

Тәжірибе негізінде Кант ұғымдар мен категориялардың априорлы және апостериорлы қалыптасуын ажыратады.

Канттың априоризмнің мәні, таным субъектісінің анықталған оған дейін қалыптасқан таным формаларына ие болуында. Бірақ бұл априоризм [a priori] туа біткен идеялар бара бар емес; априоризм адамның өзіне дейінгі қалыптасып дамыған мәдениетпен қатынасында меңгерген формалары. Танымға кіріскен адам, өзіне дейін болған танымдылық формалар қолданады.

Бұл таным үрдісі заңдылығының Кант ашқан бір қыры ғана таным үдірісінде метофизикалық сұрақтар үнемі туындап отырады, ал бірақ бұл сұрақтарға біз толық жауап бере алмаймыз деп тұжырымдауы Кантқа философия нені зерттеу керек екендігі туралы мәселені көреруіне ықпал жасады.

«Таза ақыл-ойға сын» еңбегінің «таза ақыл-ойға сын деп аталатын ерекше ғылым идеясы мен бөлу» деп аталатын 7- бөлімін Кант төмендегідей тұжырымдармен бастайды: «Жоғарыда айтылғандардан ерекше ғылым туралы идея туындайды. Бұл ғылымды таза ақыл-ой сыны деп айтуға болады.

Ақыл-ой – бізге априорлы білім қағидаларын беретін қабылет. Сондықтан таза деп шартсыз априорлы білімге негізделгенақыл-ойды айтамыз….». ( ;122). Канттың пікірінше ақыл-ойдың күші – оның синтетикалық қабылетінде. Бірақ бұл қабылет толық емес, әрі шектеулі. Ол тәжірибемен шектеулі.

Сондықтан пайымдау тәжірибенің шекарасынан шыға алмайды. Және де Канттың пайымдауы өз шекарасын білмейді әрі білгісіде келмейді. Бұл қызықты пікірді көпшілік философтар ұстанады.

Танымның ең жоғарғы формасы – ақыл – ойды Кант әрекетшіл деп бағалағанмен, ақыл-ойдың іс-әрекеттері жетістікке жете бермейді деп әділ бағалайды. Таза теориялық ақыл түптеп келгенде өзінің жеңілісін мойындау керек, себебі, «өзіндік зат» (вещи в себе)ақыл-ойға таныла бермейді ….

Өзінің зерттеуіндегі жетістіктеріне қарамастан таным мәселесінде И.Кант метофизик болып қала бермек (бірақ «Таза ақыл-ойдың жалпы міндеті» деген бөлімде кіріспеде Канттың метофизиканы қатты сынағанын айта кеткен болатынбыз).

Қорта келсек, Кант ақыл-ойдың қарама-қайшылығын (ол шексіз) ақыл-ойдың әлсіздігі, қабылетсіздігі деп ұқты. Ақыл-ой «өзіндік зат» мәнділігін аша алмайды, оған ене де алмайды.

Сондықтан «Таза ақыл-ой сыны» еңбегінде Кант философияны «өзіндік заттар» туралы емес, таным шекарасы туралы ғылым деп қарастырды. Жоғары құндылықтар құдай, жан және еркіндік.

Осылайша, Кант адамның танымдық әрекеті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу философияның мақсаты деп санады.

Әдебиеттер:

И.Кант. Критика чистого разума // Сочинения в 6 т. М., 1964. Т.3. 105-122.

Иммануил Кант философиясы — презентация онлайн

1. Иммануил Кант философиясы

2. КІРІСПЕ

Классикалық неміс
философиясы
тарих
рух
ойлау
таным
табиғат
проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып,
диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге
айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін,
таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды
Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары
философияны ғылым, логика,
методология, гносеология, диалектика
ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне
жеткен философиянын мүмкіндіктерін
ашып берді.
Классикалық неміс философиясы жалпы
алғанда – идеалистік философия және
мұнда идеализмнің екі түрі де дамып
жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде
Кант пен Фихтенің, ал объективтік
идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель
ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен,
классикалық неміс философиясы классикалық идеалистік философия.
Классикалық неміс философиясының
елеулі жетістігі диалектиканы теория,
метод және философиялық көзқарас
ретінде жан-жақты дамытқаны.

4. Қысқаша Иммануил Кант өміріне шолу


Кант — жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі
еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген
Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды.
Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға — сыни кезеңге
дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде
жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды.
Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін
көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде
өмір сүреді.
1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» — деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану
саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы
А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған
ұлы физик болар еді — деп жазды. (Қара: Уайтхед А. Избранные работы по философии. М.:Прогресс, 1990, с. 199)
Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы
философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі
жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң» (Кант И. Соч. в 6-т. М., «Мысль» 1965 ч. 1. с.499)
1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын
әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы
философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным
теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік
көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты
сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне
сын» (1790).
Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс»
жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық құқы болды.
Қарапайым
отбасының
түлегі
Канттың
гимназияға, кейін
Кенигсберг
университетіне
түсіп, білім
алуына Шульц
деген пастор қол
ұшын берген.
Өмір бойы
бір қалада –
Кенигсберг
те тұрған.
Кант өмір
бойы
үйленбеген,
бала шағасы
болмаған.
Иммануил
Кант (17241804)
Әкесі теріден
Кант жасынан
шалағай, әлсіз,
әлжуаз болып,
бала кезінде
көп ауырған.
ер-тұрман,
жүген, шідер
жасайтын
шаруа
болған.
Кант жанжақты
ғұлама.
Кант
жөнінде
біз: «ол өзін
өзі жасады»
деп айта
аламыз.

6. Канттың философиядағы таным мәселесі

• Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең
алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұлсубъект пен объектің ара — қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және
объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады:
таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты
дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті
философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген
Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы
дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді
рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам
санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана.
Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол
жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап,
объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет
жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша.
объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде
қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.
Таным процесі,- деп атап
көрсетеді неміс философы, жай
пайымдау, бейнелеу емес,
белсенді әрекет. Сананың,
ойлаудың, танымның, субъектің
белсенділігі, жасампаздығы
жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң
бастау алады.
Таным субъекті — өзімен өзі
өмір сүретін, дара адам,
аралдағы Робинзон емес; Ол басқа адамдармен әр алуан
қарым-қатынаста болатын,
әлеуметтік ортада тәрбиеленіп
жетілген қоғам өкілі; таным
субъекті — бүкіл қоғам.
Таным объекті сол шексіз
дүниенің бір жағы, бөлшегі
(фрагменті) ғана. Сондықтан
философиядағы дәстүрлі мәселе:
«дүние таныла ма?» деген мәселе
— абстракты қойылған мәселе.
Сонымен бірге Канттың ойында да терең мағына жатыр: танымның
өзіндік ерекшеліктері бар, таным жайын объект арқылы да, субъект
арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес. Адамға салсаң, ол бәрін
де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Кантқа дейінгі
материалистер танымды сыртқы дүниедегі заттардың айнадағыдай
бейнесі деп танып, таным жайын сыртқы дүние арқылы түсіндірмек
болды. Мұндай әрекеттен бірақ ештеңе шықпады. Субъективтік
идеалистер, керісінше, таным процесін субъектің іс-әрекеті деп, ал
субъекті «Менге», ойлауға, санаға теңеп, таным мәнін субъект арқылы
түсіндіруге тырысты. Бұдан да нәтиже шықпады. Таным күрделі
кұбылыс болып шықты.
Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар
жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге
болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да,
қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек (Қара: Кант И.
Соч.
в 6 т. Т.4,4.1, с. 209-270) Нағыз гуманистік, адами идея!

Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде
жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де,
басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді
және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп
пайдалануға мүмкіндік беріп келеді.
Бұрынғы кеңес кеністігінде соңғы кезге дейін
Кантты дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған
жоқ. Кеңес философтары, маркстік-лениндік
философияның өкілдері Канттың алдында үлкен
қарыздар. Ол жөнінде сөз бола қалса, еститініміз бір
сарын еді: Кант — агностик, Кант — субъективтік
идеалист, Кант — дуалист т.т.; Кант танымның өрісін
тарылтып жіберді; тұтас дүниені танылатын затқа
және танылмайтын затқа бөліп тастады; мән мен
құбылыстың арасына өтпестей шек қойды;
Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты
сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным
да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады.
Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл
сұраққа бір мағынада — шекті не шексіз деп — жауап
бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап
беруге тура келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *